146727
15.07.2022 20:51

составить небольшой диалог на казахском​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
musulmanka95
09.07.2020 06:05
Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген алғашқы кинотуындыларының бірі, «Біздің сүйікті дәрігер», музыкалық комедиясы көрермен қауымды Шара Жиенқұлова, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов, Ермек Серкебаев сынды қазақ өнерінің майталмандарымен қауыштырды.   Фильм премьерасы 1958 жылы наурызда Алматы қаласында, ал Бүкілодақтың премьера 1958 жылдың 12 маусымында Мәскеу қаласында өтті.

Казахстаның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды. Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен
0,0(0 оценок)
Ответ:
филькатв
11.12.2021 05:42

Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді. Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет. Ал кейбіреулері болса ұзақ уақытқа апа-аталарына немесе жақын туыстарына барады. Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын. Мен Тараз қаласының тұрғынымын, мұнда жаз айлары ыстық болғаны соншалық, бірден қарайып кетесің. Жаз айларындағы тағы бір ерекшелік, кешкілік кезең қатты ұнайды. Өйткені кешкі масатыдай салқын жел керемет күйге бөлеп, уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамай жүре бересің. Көрші балалармен аулаға ойынға шығып, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді. Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота